Торайғыров университетінде Қарттар күніне орай әлеуметтік фотожоба ұйымдастырылды. Фотографтар мен визажистер қарттар үйінің тұрғындарын фотоға түсірді.

«Қарттық шақ – қуаныш пен бақытқа толы кезең. Жобаның әр қатысушысы өмірі маңызы сәттерге толы азаматтар. Біздің апа-әжелеріміздің келбетін баршаға көрсету керек! Олар біздің алғысымызға лайықты», - дейді Павлодар облыстық қарттар және мүгедектер үйі директорының орынбасары Қорлан Сәрсембинова.

Оның айтуынша, адамдар белсенді өмір сүру үшін жан-жақты мүмкіндікке ие болу керек. «Қарттар туралы ойлай отырып, өз болашағымыз туралы ойлаймыз», – дейді ол.