Тұрақты эпидемиологиялық жағдайдың кепілі - ұжымдық иммунитет. Оны қалыптастыруға жаппай вакциналау көмектеседі. Ол еліміз бойынша жүріп жатыр.

Торайғыров университеті «Ауруға шалдығу деңгейі және Covid-19-ға қарсы вакциналау мәселелері» атты конференцияның жұмысына қатысты.

Семей медициналық университетінің сарапшылары  ШҚО және Павлодар облыстарының студенттері мен ПОҚ-ның сұрақтарына жауап берді.

Эпидемиология және биостатистика кафедрасының меңгерушісі Әсел Байбусинова, жоғары санатты дәрігер Татьяна Терехова, перинатология кафедрасының меңгерушісі Гүлшат Манабаева, сонымен қатар, инфекциялық аурулар және иммунология кафедрасының меңгерушісі Сәуле Маукаева баяндама жасады.

Конференция барысында баяндамашылар коронавирустық инфекцияның ерекшеліктері, таралу кезеңдері мен алдын алу тәсілдері туралы айтып берді. Қазақстандағы екпе науқанына баса назар аударылды. Сарапшылар вакцинаның басты қағидаттары, екпелердің түрлері туралы түсінік берді. Сонымен қатар, екпе салу мен аурудың алдын алу бойынша өзекті сұрақтарға жауап берілді.