Торайғыров университеті білім беруде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз Қазақстан агенттігінің нұсқауымен еліміздің көпсалалы жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингінде 10 рет қатарынан өз позициясын дәлелдеді (https://iqaa-ranking.kz/item/13833).

 

 

Биылғы жылы оқу орындарының аралас/қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру деңгейін бағалау үшін қосымша критерийлер енгізілді. Жаппай ашық онлайн-курстар мен ағылшын тілінде оқытылатын білім беру бағдарламаларының үлесі артты.

Рейтинг көпөлшемді, сарапшылар, жұмыс берушілер мен түлектердің бағалауы ескерілді. Академиялық қызмет те бағаланды.

Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингіне 33 ЖОО енді. Себебі, оқу орындарының бір бөлігі қорытынды бағаның 33%-нан кем жинады. Сондықтан, рейтингке кірмеді. Басқа бөлігі рейтингке меншік иелігінің ауысуына және бірінші жетекшілерінің ауысуына байланысты қатысқан жоқ. Сол себепті көпсалалы оқу орындардың санатына 14 білім беру ошағы ұсынылды, техникалық оқу орындары - 11, гуманитарлық-экономикалық - 6, педагогикалық - 2.