«Nur Otan» партиясының бастауыш ұйымы атқарылған  жұмыс туралы есеп берді. Торайғыров университетінің бастауыш ұйымында 356 мүше бар.

Төраға басшысының әкімшілік, әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ертарғын Шахман партиялық жобалар туралы айтып берді.

«Ардагерлерді Ардақтайық»  жобасы тыл еңбеккерлерін, ал «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін.

 «Біз университетіміздің инфрақұрылымын жетілдіру үстіндеміз. Бас оқу корпусының ғимаратында мүмкіндігі шектеуле азаматтар үшін лифт пен пандустар орнаттық. «Бақытты отбасы» жобасы бойынша ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттерге тегін жолақы билеттері ұсынылады», - дейді Е. Шахман.

Отырыс барысында алдағы есептік-сайлау конференциясына делегаттар таңдалды.