Қос тарап қызметкерлерді кәсіби даярлау, университеттің волонтерлік қозғалысын дамыту туралы уағдаласты. Сонымен қатар, құтқару құрылымдары мен волонтерлердің ынтымақтастығын кеңейту туралы келісілді. Азаматтық қорғаныс кабинетінде студенттер техногенді және табиғи жағдайдағы оқыс оқиғалар кезінде әрекет ету дағдыларына үйренбек.

 

 

Сонымен қатар, арнайы техниканы қолдану бойынша келісім жасалды. Университеттің инженер-өнертапқыштары құрал-жабдықтарды құтқарушыларға қолдануға рұқсат етпек.

«Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының студенттері ТЖД нұсқаушыларымен бірге зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.