ПМУ «Электротехника және автоматизация» кафедрасындағы радиоэлектроника үйірмесі дарынды студенттер мен оқушылардың басын қосты. Үйірменің шәкірті Баязет Искаков «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» атты инновациялық идеялардың республикалық байқауы облыстық турнирінің бас жүлдесіне ие болды.

Т.ғ.к. Анатолий Мануковскитің жетекшілігімен жасалған болашақ энергетиктің жобасы сұйық және сусымалы материладардың деңгейін қашықтықтан өлшеуге мүмкіндік береді. Ол өлшемдердің нәтижесін көрсетіп, берілген мәндер дұрыс болмауына байланысты дабыл береді.

Жоба авторының афтуынша, бұл жүйе өнеркәсіп пен тұрмыста апаттық жағдайды уақытында анықтауға мүмкіндік береді.

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар қатарынан Павлодар облысының құрамасы жасақталды. Келесі кезеңде жастар жобаларын республикалық деңгейде таныстырады. Жарыс Талдықорған қаласында өтеді.