Агротехнологиялық факультеттің ғалымдары аймақтың ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорны – «Победа» ЖШС-і үшін кадр даярлау бойынша жоспарларын айқындады.

Шаруа қожалығының басшысы Александр Поляков университет базасында «Ветеренария» мамандығын ашуды тілге тиек етті. Қазіргі уақытта құжаттарды әзірлеу жұмыстары аяқталып қалды.

Қос тарап жаңа зертханаларды ашу және қан мен жем-шөпті сараптауға арналған құрал-жабдықтарды сатып алу мәселелерін де талқылады.

Бүгінде фермерлер қымбат зерттеулерді шетелде жүргізуге мәжбүр. Ал нәтижелерді шамамен бір ай күту керек. Жеке зертхана сараптамаларды қысқа мерзімде жасауға мүмкіндік береді.

Университеттің бірінші жетекшісі Мейрам Бегентаев оөу орнында шағын маркет ашуды ұсынды. Қызметкерлер, профессорлық-оқытушылық құрам ман студенттер үшін өнімдер шаруа қожалығынан тікелей әкелінеді.

Айта кетейік, болашақ агрономлар мен зоотехнологтар кәсіпорында бір жыл бойы ақылы тәжірибеден өтеді. Дуалды білім беру орталығы жұмысын былтыр бастап, екі кафедраның филиалы болып табылады. Білім беру 5 адамнан тұратын топтарда жүргізіледі. Корпуста тұрмыстық жағдайлар жасалған. Оқу сынытары мен жатын бөлмелер бар.