Павлодар облысының тұзды көлдерінен бағалы артемия шаяны тіршілік етеді. Құрамында ақуыз, майлар, дәрімендері мен гормондары көш жәндік фармацевтика өнеркәсібі және тамақ өндірісі, аквамәдениет пен ауыл шаруашылығы үшін аса құнды.
Әлемде жыл сайын артемия жұмыртқасының 2000 тоннаға жуық данасы қолданылады. Сәйкесінше, сұраныс та артып келеді. Павлодар облысында бір жылда 700-ден 1000 тоннаға дейін жұмыртқа алуға болады. Дегенмен, климаттық өзгеістерге байланысты артемия қорларының көлемі де тұрақсыз сипатқа ие.
ПМУ ғалымдары тұзды көлдердің жоғары өнімділігін сақтау және өзгермелі ауа райына қарамастан, тұрақты көлемде өнім алу мақсатында аранйы технологияны әзірледі.
2018 жылы ҚР БжҒ министрлігі тарапынан үш жылдық зерттеу жүргізуге грант берілді. Ғылыми-зерттеу ұжымының басым бөлігі С. Торайғыров атындағы ПМУ «Биология және экология» кафедрасының оқытушылары құрады.
Әріптестікке А.И. Луньковтың жетекшілігімен «Ертіс өңірінің экологиялық орталығы» ЖШС-нің мамандары тартылды. Жұмыстарды атқару барысында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің докторанты К.И. Ахметов диссертация жазу барысында материал жинаумен айналысты. Зерттеу жұмыстарын жүргізуге «Sanbao Ktk co LTD» ЖШС-і атсалысты, оның базасынжа сынақтар жүргізілді.
Алғашқы екі жыл ішінде облыстың 70-ден астам тұзды көлі зерттелді. Гидрологиялық, гидрохимиялық және гидробиологиялық сипатамалары жасалып, артемия қорлары бағаланды.
Артемия дернәсілдерін өсіру үшін көлдердің бірінде «инкубатор» жасалды. Оның бақылау барысында науплиустың (дернәсіл) 2,5 млрд. бірлік көлеміндегі алғашқы партиясы алынды. Олар табиғи ортаға жіберілді.
Алғашқы зертханалық және далалық жұмыстардың нәтижелері көлдердегі инкубаторларда жаз-күз мезгілдерінде артемия дернәсілдерін өсіріп, қоршаған ортаға жіберуге болатынын дәлелдеді.