С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ректорының м.а. Мейрам Бегентаев пен энергетикалық факультеттің өкілдері жұмыс сапары барысында «Компания Нефтехим LTD» ЖШС мен "Павлодар қаласының трамвай басқармасы" АҚ–да болды.

М. Бегентаевтың айтуынша, университеттің бүгінгі мақсаты – экономикалық сектормен кадрларды даярлау бойынша ғана емес, мәселен ғылымды дамыту сияқты нақты міндеттерді орындау.

"Өндірісте белгілі бір тапсырмалар бар, бұл мәселелемен кәсіпорындар кездеседі. Біз өз кезегімізде жеке ғылыми топты ұсына аламыз. Оның құрамында тек оқытушылық–профессорлық құрам ғана емес, жақын және шет елдердің мамандары бар", – дейді ол.

Қос тарап болашақтағы ынтымақтастық туралы әңгіме өрбітті. Нақтырақ айтқанда, энергетикалық факультеттің мамандары автоматика және релелік қорғаныс саласында әріптестік орнатпақ.