Ұлы жеңіс күні және Кеңес Одағының батыры, лейтенант Қанаш Қамзиннің 100 жылдығы қарсңында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ержүрек жерлесті еске алу шарасы өтті.

Шара жоғары оқу орнының «Рухани жаңғыру» институты мен тарихи тұлғаларды зерттеу клубының өкілдерінің мұрындық болуымен ұйымдастырылды. Мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің студенті Надира Есманова жастардың Қанаш Қамзиннің ерлігін ұмытуға құқығы жоқ екенін жеткізді.

«Ұлы Отан соғысының батырларын ұмытпау - қазақстандық отансүйгіштіктің бір белгісі. Бүгін біз Днестр өзенінің бойындағы шайқаста қаза тапқан Қанаш Қамзиннің ерлігін еске алдық. 1944 жылдың 13 сәуірінің түнінде лейтенант Камзин ротамен бірге бірінші болып, Днестр өзенін Бычок ауылы маңында босатты. Жаулардың 20 унтер-офицерін жойды», - дейді PhD докторы, қауымдастырылған профессор Аслан Азербаев.

«Кездесу соңында Қанаш Қамзиннің құрметіне ағаш отырғызылды.