С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мұрагер» жастар бірлестігінің белсенділері мен Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменттің мұрындық болуымен оқу орнына келген шетелдік меймандар, оқытушылар мен студенттер үшін Наурыз мейрамы тойланды.

Қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен танысуға АҚШ, Германия және Нигерия елдерінен келген мамандар жиналды.

Аудиториялардың бірінде музыкалық-театрландырылған қойылым ұйымдастырылды. Шығармашыл жастар Қара жорға билеп, домбырада күй күмбірлетті.

Гуманитарлық-педагогикалық факультет пен Металлургия, машина жасау және көлік факультетінде күн мен түннің теңелу күніне орай мерекелік шаралар ұйымдастырылды. №2 студенттік кеңесінің белсенділері де ауқымды мерекелік бағдарлама әзірледі.