С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің наиб-имамы Жолдас Бердімұратов жастар арасында діни сауаттылықты көтеру, лаңкестік пен экстремизмді алдын алуға бағытталған дәрістер оқуда. Шара бір аптаға созылмақ.

Әңгімелесу форматында өткен кездесуді университеттің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент ұйымдастырды.

Жолдас Бердымұратов жастарды діни тұрғыда арбауды алдын алу, экстремистік идеологияға қарсы тұрудағы бірлесіп әрекет етудің маңыздылғына тоқталды.

«Қазақстан – көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет. Түрлі діни бірлестіктер бар. Мысалы, мұсылман мешіттері, православ храмдары, католиктік костелдер мен протестанттық үйлер жұмыс істеп тұр. Ал діни сауатсыздық ұлттың жалпы рухани хал-ахуалына, отбасы мен азаматтық қоғам сияқты базалық институттардың сақталуына әсер етеді», - дейді наиб-имам.