Институционалдық аккредиттеу

Институционалдық аккредиттеу – университеттің жалпы қызметіне кешенді баға беру. Сараптамалық комиссия жоғары оқу орнының даму стратегиясын, басқару жүйесін, кадрлық құрамның сапасын, материалдық-техникалық базасын және ғылыми-зерттеу әлеуетін тексереді.

 
Мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу

Мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу – университет жүзеге асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын белгіленген кәсіби және салалық стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан бағалау рәсімі.

 

Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу: білім сапасына кепілдік

Аккредиттеу – университеттің білім беру қызметінің белгіленген мемлекеттік және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін ресми түрде растау рәсімі. Аккредиттеуден өту мамандарды даярлау деңгейінің жоғары екенін және білім беру ұйымының сенімділігін растайды.
Қазіргі жоғары білім беру жүйесінде аккредиттеудің екі негізгі түрі бөлінеді:

Институционалдық аккредиттеу

Мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу

Жоғары оқу орындары үшін аккредиттеудің қажеттілігі:

·         халықаралық деңгейде мойындалу, білім беру мен көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасына кепілдіктерді растау, олардың халықаралық талаптарға сәйкестігін дәлелдеу;

·         жоғары оқу орнының тартымдылығын арттыру және жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының нәтижелілігі мен тиімділігіне негізгі стейкхолдерлер тарапынан сенімді күшейту;

·         әлемдік білім беру кеңістігіне кеңінен интеграциялану және білім беру қызметтерінің сыртқы нарығына шығу;

·         имидждің өсуі және ұлттық әрі халықаралық білім беру қызметтері нарығында бәсекеге қабілетті позицияларды нығайту.

Білім алушылар үшін аккредиттеудің қажеттілігі:

·         қолда бар кредиттерді есепке ала отырып, шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында әртүрлі академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу;

·         магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша басқа шетелдік жоғары оқу орындарына түсу;

·         түлектің ұлттық әрі халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ел ішінде және шетелде мамандығы бойынша жұмысқа орналасу.

2023 жылғы желтоқсан айында жоғары оқу орны Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (НААР) тарапынан 5 жыл мерзімге халықаралық институционалдық аккредиттеу шеңберінде қайта аккредиттеуден өтті (АА № 0256 сертификаты, 2023 жылғы 8 желтоқсан).
Сертификаттың қолданылу мерзімі: 08.12.2023 – 07.12.2028 жж.

«Торайғыров университеті» КЕАҚ НАОКО, НААР, ARKA және САААЕ сияқты жетекші аккредиттеу агенттіктерімен ынтымақтастықта жұмыс істейді.

·  «Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA)» мемлекеттік емес мекемесі 2008 жылы құрылған және білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау саласындағы Қазақстандағы алғашқы коммерциялық емес үкіметтік емес ұйым болып табылады.

· Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (IAAR) – білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы жетекші халықаралық аккредиттеу агенттігі (2011 жылы құрылған).