С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Мені шыңдаған Серпін» республикалық кәсіби шеберлік байқауы мәресіне жетті.

Байрақты бәсекеге Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан және өзге аймақтардағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Екі күн ішінде жастар құрал жасау, радиотехника, электроника, телекоммуникациялар, азық-түлік және мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы және басқа мамандықтар бойынша үздік атануға тырысып бақты.

Зияткерлік жарыс қорытындысы бойынша 10 аталым бойынша жүлдегерлер анықталды. Үздік студенттер мақтау қағаздарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Байрақты бәсеке жеңімпаздарын марапаттау шарасы студенттік филармония әртістерінің концерттік бағдарламасына ұласты.