С. Торайғыров атындағы ПМУ қабырғасында Жаһандық экологиялық қордың мүшесі, БҰҰ Даму бағдарламасы жобаларының үйлестірушісі, г.ғ.к, профессор Александр Белый «Қазақстандағы климаттың өзгеруі: осалдықты бағалау және бейімдеу бойынша шаралар» тақырыбында бұқаралық дәріс оқыды.
Дәріс «Павлодар облысының экологиялық және табиғат падаланудың өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция шеңберінде өтті.
Ғалымдар мен тыңдаушылар «Қазақстан Республикасының БҰҰ Рамкалы конвенциясы және Екіжылдық баяндама шеңберінде Ұлттық хабарламаны әзірлеу» және «Төмен көміртекті даму үшін тұрақты қалалар» зерттеу бойынша өзекті мәселелерді талқылады.
А. Белый Қазақстандағы климаттың өзгеруі жылдың барлық мерзімінде ауа температурасының көтерілуіне әкелетінін айтты. Қыста ауа температурасы айтарлықтай көтеріліп, жауын-шашын көп түседі. Ал жаз мезгілінде де жауын-шашын мол болады.
Сонымен қатар, климаттың өзгеріске ұшырауының салдары туралы да әңгімеленді. Мәселен, орман өрттері, табиғи ресурстарда зиянкестер көбейе түседі, жерлер шөлге айналады. Су ресурстары тапшы болады, флора мен фаунаның типтік емес жаңа түрлері пайда болады. Осы тектес жағымсыз әсерлер болуы мүмкін.
Магистранттар мен студенттер «Климаттың өзгеруінің қоршаған ортаға әсерін азайту үшін не істеу керек?» деген сұраққа жауап іздеді. Олар арнайы бағдарламаның көмегімен өздерінің «көміртекті ізін» есептеді. Нәтижесінде әр адам бұл көрсеткішті күнделікті өмірде азайтуға атсалыса алатынын туралы айтылды. Мәселен, элестр және жылу энергиясын үнемдеу, энергия тиімді құралдарды пайдалану, қоғамдық көлікпен көбірек жүру сияқты әрекет ете алады.
Ғалым тыңдаушыларға көміртекті ізді азайтудың жолдарын көрсетті. БҰҰ даму бағдарламасының Қазақстандағы тәжірибесі жаңа ғимараттардың энергия тиімді құрылысын жүргізу, қолданыстағы ғимараттарды модернизациялау және энергия тиімді пайдалану, жарықтандыру жүйелерін модернизациялау, типтік қалалық кварталды кешенді модернизациялауды көздейді.
А. Белый БҰҰ даму бағдарламасы шеңберінде Қазақстанда бұл құралдар арқылы пилоттық жобалар әзірленіп, енгізілмек. Пилоттық жобалар жүзеге асырылатын облыстар қатарында Павлодара ймағы да бар.