С. Торайғыров атындағы ПМУ колледжінде салтанатты түрде «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды.

Шараға ғылыми қауымдастық, мемлекеттік және жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

«Рухани жаңғыру» кабинеті Қазақстанның саяси, ғылыми дамуына сүбелі үслес қосқан азаматтар, сонымен қатар, Павлодар облысының қасиетті жерлері туралы мағлұматтар қамтылған. Бұдан бөлек, кабинетте ағартушылық, іздеу-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Ашылу барысында коллеж студенттері жобаларын ұсынды.

- Жастардың жобалары Ертіс өңірінің ерекшеліктерін айқындай түседі. Мәселен, «Тарихи Павлодар» жобасы облысымыздың бірегейлігі мен тұмса табиғатын айшықтайды. Жоба шеңберінде Павлодар қаласының тарихи жерлері зерттеліп, «Қасиетті Павлодар» албьомын әзірлеуді көздейді, - дейді С. Торайғыров атындағы ПМУ колледжі директорының м.а. Анна Есенова.

Ал «Рухани қазына» жобасы аясында еңбек адагерлерімен кездесулер, өндірістік ошақтардың музейлерінде сабақтар мен халық шығармашылығы фестивалін өткізу көзделген. Шара барысында «Таныс және бейтаныс Павлодар», «Мен ПМУ-дің таңдаймын», «La vie Добро» және тағы басқа жобалар таныстырылды.  

Кабинет Қазақ елі халықтарының мәдениеті, салт-дәстүрлері бойынша ақпарат көзіне айналмақ.