С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері жоғары оқу орнының кәсіподық ұйымының есептік-сайлау конференциясын өткізді.

Конференцияға ПМУ ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова, «Қазақстан салалық білім және ғылым жұмыскерлері салалық кәсіби одағы Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбарам Наурызбаева, сонымен қатар, университет жанындағы кәсіподақ ұйымыың төрайымы Раиса Мұстафина қатысты.

Жиын университеттің кәсіподақ белсенділерін Құрмет грамоталары «Қазақстан салалық білім және ғылым жұмыскерлері салалық кәсіби одағы Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет граматоларамен марапаттау рәсімінен басталды. Сый-құрмет көрсетілгендердің қатарында білім беру жүйесін дамыту, кәсіподық жұмысына және кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қорғауға сүбелі үлес қосқан азаматтар болды.

Университет қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының есептік баяндамасында қоғамдық бірлестік жұмысының бағыт-бағдары туралы кеңінен айтылды. Кәсіподақ ұйымына мүше болуға ниет еткендердің қатары жыл санап артып келеді. Бақылау-ревизиялық комиссиясының есебінде кәсіподық ұйымының бюджеті бекітілген құжатқа сәйкес жұмсалатыны айтылды.

Ашық дауыс беру нәтижесінде кәсіподақ ұйымының төрағасы сайланды. Сонымен қатар, ПМУ қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті, бақылау-ревизиялық комиссиясының өкілдері таңдалды. Шара барысында білім беру саласы қызметкрелерінің ХХХ облыстық есептік-сайлау кәсіподақ конференциясына қатысатын делегаттар тізімі бекітілді.