С. Торағыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті сәулет-құрылыс факультетінің оқытушылары Баянауыл ауданының қасиетті жерлерінде ұйымдастырылған дәстүрлі пленэрге қатысты.

Қылқалам шебері бірнеше жердің сұлулығын қағазға түсірді. Суретшілер Сәкен тас, Кемпіртас жартастары, Жасыбай, сабындыкөл және Торайғыр көлдерінде болды.

Айта кетейік, бұл жоғары оқу орны оқытушыларының мұрындық болуымен өткен алғашқы пленэр емес. Биылғы жылғы мәдени шараның ұйымдастыруына С. Торайғыров атындағы музей кешенінің мамандары атсалысты.

Плэнер нәтижесінде суретшілердің қиялынан туған туындылар Павлодар облыстық көркемсурет музейінде өткен көрмелерге қатысты. Алдағы уақытта шығармалар Тәуелсіздік күніне орайластырылатын көрмеге қойылмақ.