С. Торайғыров атындағы ПМУ қабырғасында жерлесіміз, Google компаниясының қызметкері Қуат Есеновпен кездесу өтті.

С. Торайғыров атындағы ПМУ қабырғасында жерлесіміз, Google компаниясының қызметкері Қуат Есеновпен кездесу өтті.

Мейманмен кездесу еркін форматта өтті. Жинаоған қауым Google компаниясының қызметі, Қуаттың жеке өмірі туралы сұрақтарын қойды. Жастар болса, болашақтарын бағдайрлау бойынша кеңес алды.

Өз жауабында Қуат қазіргі заманда жеке тұлғаның дамуы үшін мүмкіндіктердің мол екенін жеткізді. Ал қолда бар мүмкіндіктерді қалт жібермеу үшін жке қабілеттер мен адамды ынталандыру аса маңызды.

Еске сала кетсек, Қуат Еесенов – халықаралық математикалық олимпиадалардың жүлдегері. Оның қоржынында Шотландия (2002 ж.), Жапония (2003 ж.), Грецияда (2004 ж.) өткен білім додаларының жүлделері бар. Ол АҚШ-тағы Массачусетс штатының (Massachusetts Institute of Technology, MIT) технологиялық институтын тәмамдаған. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев оның «алтын бала» деп атаған. Ол Гиннестің рекордтар кітабына 9-11 сынып аралығында алты алтын, бір күміс және бір қола мадельге ие болған ең титулды оқушы ретінде енді.