Toraighyrov University

Жатақханалардан орын беру

Жатақханаға онлайн өтінімдер студенттің жеке кабинеті арқылы қабылданады.

Кампустан орын алуға өтінім беру үшін қажетті құжаттар тізімі:

Жеке басын куәландыратын құжат

Тұру үшін 10 айға 158 000 теңге төленгені туралы түбіртек (PDF форматында; экран суреттері мен кескіндер қабылданбайды)

Қамқоршылықты белгілеу туралы қаулының көшірмесі (жетім балалар үшін)

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 142-I бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектікті растау туралы анықтама (мүгедектік болған жағдайда)

Флюорографиялық тексеруден өткенін растайтын түсірілім

Наркологиялық диспансерден анықтама

Жүйке-психикалық диспансерден анықтама

Жатақханаға тұру үшін қажет құжаттар:

Тұру жайлы төленгені туралы түбіртек

075/у нысанындағы медициналық анықтама (жатақханаға орналасуға дейін 6 айдан ерте берілмеген)

Фото 3х4 (3 дана)

Анықтама («Торайғыров университеті» КЕАҚ денсаулық пункті, каб. А1-117)

Байланбалы папка — 1 дана

Төлем Халык және Kaspi Bank қосымшасы арқылы жүргізіледі.

Өтініш беру нұсқаулары:

Онлайн өтінім беру

Өтінім Торайғыров университетінің сайтындағы студенттің жеке кабинеті арқылы беріледі.

Жеке кабинетке өту

Торайғыров университеті — Жатақханалар © 2026