«Баянтау» демалыс орнының базасында Павлодар мемлекеттік университеті физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 15 жылдығына арналған ХІ Жазғы мектебінің жұмысы аяқталды.

Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті техникалық физика кафедрасының профессоры Садритен Тілеукенов жазғы мектептің төрағасы болды. Профессор өз дәрістерінже антитропты орталардағы толқынды үрдістердің тақырыптарын барынша ашып берді.

Теоретикалық физика және нанотехнологиялық негіздер мәселелері туралы мектептің құрметті меймандары, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Серік Кумеков пен физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Арыстан Кудусов кеңінен айтап берді.

Шараның бағдарламалары шеңберінде тренинг-семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, талқылаулар, сонымен қатар, экскурсиялық жұмыстар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, студенттер мен магистранттар Ақбет тауын бағындырып, Сабындыкөлден Жасыбай көліне дейінгі туристік маршрутты жүріп өтті. Қатысушылар Қаныш Сәтбаевтың музейінде болып, шахмат, үстел теннисі және волейболдан өткен жарыстарға қатысты.

Еске сала кетсек, Жазғы физикалық мектеп 2004 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылуда.