С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Ертіс CINEMA» қысқаметрлі ойын және документалды фильмдердің халықаралық фестивалі қазылар алқасының мүшелері, кинорежиссер Ермек Тұрсынов және әртістер Фархат Әбдірайымов, Асхат Кучинчерековпен шығармашылық кеш өтті.

Кездесу барысында қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан кинематографистері Одағының төрағасы Ермек Тұрсынов 2017 жылы L’Officiel Awards нұсқасы бойынша «Жыл кітабы» сыйлығына ие болған «Мелочи жизни» кітабын таныстырып, еңбегінің жазылу тарихымен танысты.

«Мелочи жизни» – это жизненные истории. Мы встречались с друзьями, и я рассказывал свои байки над которыми они ухахатывались. Мой друг спросил, почему я их не записываю. Тогда я начал писать «в стол», а через время мы их опубликовали.

«Мелочи жизни» - бұл өмірлік оқиғалар. Біз достарымызбен кездесіп, қызықты әңгімелерімізді айтатынбыз. Осы сәттерде жолдасым осы әңгімелерді неге жазбасқа деген ойын білдірді. Осы кезден бері қолыма қалам алып, жаза бастадым. Бұл ермегім ақша үшін емес. Шығармашылықтан көп ақша табуым екіталай. Мақсатым – қызықты әңгімелермен оқырмандармен бөлісу. Бұл кітапта күлкілі де, көзге жас үйіретін әңгімелер де бар. Кітабым сұранысқа ие болса, оқырмандардың қалауын орындадым деген сөз», - дейді Ермек Тұрсынов.

Завершила поездку экскурсия по урочищу Ескельды и знакомство с мавзолеем и музеем Машхур Жусупа.

Павлодар мемлекеттік университетіне ат басын тіреген әртіс Фархат Әбдірайымов та пікірімен бөлісті.

«Павлодар – үйлесімін тапқан, таза әрі қонақжай халқы бар қала. Университет те ұнады. Бұл оқу орнындағы «Дос Мұқасан» тобына айналған ескерткіш көһңілімнен шықты. Аты аңызға айналған топтың әнін тыңдап өстік қой», - дейді Ф. Әбдірайымов.