С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «ПМХЗ» ЖШС-мен бірлесіп, «Мұнайгаз ісі» мамандығы бакалавриатының студенттері үшін дуалды білім беру бағдарламасын іске қосады.

Құжатқа қол қою рәсіміне С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова мен «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-нің бас директоры Оспанбек Әлсейітов қатысты.

Биылғы жылы дуалды топқа 15 екінші курс студенті іріктелді.

ПМУ студенттерін дуалды форма бойынша оқыту 2018 жылдың қыркүйегінен басталады.

Осы кезеңде студенттер аптасына екі рет зауытта тәжірибелік білім алса, қалған уақыттарын университте өткізеді.

Студенттер өтемақы және тегін тамақтанумен қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, мұнай-химия зауытын жаңғырту барысында замауи басқару жүйесі бар жаңа құрал-жабдықтар қолданысқа берілді. Сәйкесінше, болашақ мұнайшылар осы жабдықтарды басқарудың әдіс-тәсілдерін меңгере алады.