С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мықты академиялық мәртебесін тағы бір рет дәлелдеді. Оқу орны білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның Тәуелсіз агенттігінің нұсқасы бойынша үздік көпсалалы жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингінде бесінші орынға ие болды.

Ұлттық рейтингтің әдістемесі жоғары оқу орындарының жұмысын саралаудың Берлин қағидаттарына негізделген. Бұл қағидаттар бойынша білім беру үрдісінің ашықтығы, тәртібі негізіндегі шаралар туралы мәліметтері сараланады.

Қазақстанның жоғары оқу орындары қызметінің Ұлттық рейтингінің әдістемесі статистикалық мәліметтер бойынша жүргізіледі. Көрсеткіштердің бір бөлігі тәуелсіз ақпарат көздерінен алынады. Осындай көрсеткіштердің қатарында SCOPUS, Clarivate Analitics (бұрынғы Thomson Reuters) көздерінде басылып шыққан  ғылыми жарияланымдар, ғылыми дәйексөз алудың ресейлік индексі, жоғары оқу орындары студенттерінің оқу жетістіктерінің сыртқы бағалау бойынша жүргізілген тестілеудің нәтижелері, жоғары оқу орындарының түлектер саны, «Болашақ» бағдарламаы бойынша білім алатын студенттердің саны, оқытушылық-профессорлық құрамның саны, ҚР Білім және ғылым министрлігінен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантына ие болған мамандар саны, сонымен қатар, жұмыс берушілер мен сарапшылардың пікірі ескеріледі.

Академиялық жетістіктердің ортақ бағалауы 6 индикатор бойынша жүргізіледі: студенттер контингенті, студенттердің білім алудағы нәтижелері, университетте жүзеге асырылатын оқу бағдарламаларының саны, сонымен қатар, академиялық кадрлар ескеріледі. Профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыс, халықаралық әріптестік, ақпараттық қамтамасыз ету. Сонымен қатар, әдістеме негізінде жұмыс берушілер мен сарапшылардың жоғары оқу орындарына берген орташа бағасы ескеріледі.

Рейтинг қорытындысы жоғары оқу орны қызметінің (мықты және әлсіз жақтарын зерттеу, мүкіндіктер мен тәуекелдер) SWOT–сараптамасы үшін әр саладағы көрсеткіштерді жақсарту мақсатында ұсынылады.