Қазақстан Республикасының Франциядағы Төтенше және Уәкілетті Елшісі Филипп Мартинэ жұмыс сапарымен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде болды.
Кездесу барысында Ф. МартинэФранцияда білім алудың артықшылықтары туралы айтып берді. Сонымен қатар, Франция Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасындағы келісім шеңберінде жұмыс істеп жатқан «Абай Верн» шәкіртақы бағдарламасы жөнінде әңгіме өрбітті.
«Білім алушыларға 100 грант ұсынылады. 90 грант екінші жыл оқып жатқан магистранттарға арналса, 10 грант қазақстандық жоғары оқу орындарының докторанттары арасында үлестіріледі. Басымдық берілетін салалар жоқ. Францияда білім алғысы келетін әр студент 2018 жылдың 15 маусымына дейін өтініш білдіре алады», - дейді Ф. Мартинэ.
Елші бұл бағдарлама тегін білумен қатар, француз әлеуметтік сақтандыруға тіркелуді қарастырады. Студенттер ұзақмерзімді виза ресімдеп, жатақханада орын алу мүмкіндігіне ие.
Филипп Мартинэ «Make Our Planet Great Again» академиялық мобильділік бағдарламасына назар аударды. Аталмыш бағдарлама бойынша магистранттар үшін 10 грант бөлінеді.
Мамандық бойынша шектеулер жоқ, Басты талап – білім беру бағдарламасы қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, суды, биосаналуандылықты сақтау мәселелері жөніндегі Париж келісімінің тақырыптарына сәйкес болу керек.
Еске сала кетсек, Қазақстан - бұл академиялық мобильділік бағдарламаны магистратура деңгейінде жүзеге асыратын алғашқы мемлекет.
Кездесу нәтижесінде қатысушыар өтініш беу мерзімі, жалпы талаптар, жоғары оқу орнын таңдау, сонымен қатар, шәкіртақы көлемі мен білім алу кезеңінің ұзақтығы туралы сауалдарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды.