С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің халықаралық стартап академиясында оқу жылының соңғы Startup Weekend шарасы өтті.

Шара қорытындысы бойынша ақтық мәреге жолдама алған жобалар анықталды. Олардың қатарында дене түйсігі арқылы әліппені оқу, AR технологиясының көмегімен математиканы оқу, сонымен қатар, белгілі бір тауардың арзан бағаларын көрсететін «Арзан өмір сүру» қосымшасы бар.

«Safety window» құрылғысы балалар арасында терезеден құлау оқиғаларын алдын алуға арналған. Авторлардың айтуынша, қайғылы оқиғаны болдырмауға мүмкіндік бар. Ол үшін хабарландыру жүйесін алдын ала ойластыру керек. Бала терезеге жақындағанда дыбыс шығып, қауіп туралы дабыл қағаылды.

Сонымен қатар, стартап академиясының арнайы сыйлықтары және бағалы кітаптары қуырылған балмұздақ пен демалыс немесе сапар барысында үй жануарларын ұстау бойынша қызмет көрсетуді іздеудің «Ani Няня» атты сервисінің авторларына табысталды.

Алдағы уақытта қатысушылар 1 млн. теңгенің жүлде қоры үшін күш байқасатын болады.