С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет және мемлекеттік қызмет жөніндегі Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті өкілдерімен кездесу өтті.

Ведомство басшысы Әділбек Мұқашевтың айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметке мамандардың «қиындық қағидаты» бойынша немесе мемлекеттік басқаруға бағыт алмай келу үдерісі байқалады. 

Бұл мәселені шешу мақсатында мемлекеттік органдарда тәжірибеден өтетін студенттердің санын арттыру ұсынылды. 

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында шынайы көрсету мәселесі көтерілді. 

«Бүгінгі таңда жемқорлық туралы көп айтылып жатыр. Ал мемлекеттік қызметкерлерді қылмыскерлермен салыстырады. Олардың көбі – өз ісіне адал адамдар.  Бұл тұрғыда медиа кеңістікті қайта құруымыз керек. Егер жемқорлық жайында көп айталытан болса, сәйкесінше, мемлекеттік қызметкрелерге деген сенімділік азаяды.  Мамандардың жалақысы соншалықты көп емес, бұл өз алдына, бұған қоса оларға парақор немесе қылмыскер деген айдар тағылып жатады. Бұл, әрине, жақсылыққа жетелемейді. Мемлекеттік қызметкерлердің үлгі болар құндылықтары жетерлік», - дейді ол. 

Бұл тұрғыда университеттің Қазақстан тарихы, құқықтану, басқару және саясаттану кафедраларымен мамандарды даярлау бойынша ортақ істер айқындалды.