С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Касперский зертханасы» АҚ-мен өзара әрекет ету жөніндегі келісімшартқа отырды.

Келісімшартқа өнеркәсіптік сектор ошақтарында жаңашыл ақпараттық технологияларды қолдану мәселесіне арналған PROFIT Industry Day 2018 конференциясы аясында қол қойылды. 

Шараға С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, филос.ғ.д. Гаухар Ахметова мен «Касперский зертханасы» АҚ-ның Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Евгений Питолин қатысты. 

Бұл келісім негізінде қос тарап ақпараттық қауіпсіздік, білім беру бағдарламалары салаларында бірлесіп жұмыс істемек. Сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздік негіздері бойынша салалық кафедра оқытушыларын даярлау, жүйелік әкімшілер мен мамандарға кеңес беруді көздейді. 

Ынтымақтастық шеңберінде «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы студенттері үшін атаулы шәкіртақы тағайындау мүмкіндігі де қарастырылуда. Екіжақты серіктестік аясында ЖОО базасында өндірушінің зертханалық роботтары бар орталық құрылады. 

«ЖОО базасында ақпараттық қауіпсіздік бойынша бастамаларымызды жүзеге асыру біз үшін аса маңызды. Кәсіби маман атанған соң білікті кадрлардың елден жырақ кетпей, Қазақстанда еңбек етуге қалса деген тілегіміз бар», - дейді Е. Питолин.

Е. Пилотин сала мамандарын даярлауда адамгершілік қасиеттерге баса назар аударылатынын айтты.

«Киберқауіпсіздік туралы  айтқанда, адамгершіліктен ада дарынды адамдар кейінгі уақытта қылмыскерге айналып жататыны құпия емес. Сол себепті, білімді, ақылды жастар мәдени құндылықтарын сақтағаны абзал. біл біз үшін аса маңызды», - дейді Е. Питолин.