С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері мен оқытушылары Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Алматы қаласы әкімдігінің мұрындық болуымен өткен «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» форумына қатысты.

Шараның мақсаты – білім беру саласындағы жемқорлықты жою мәселесін талқылау, аталмыш саладағы мәселелерді шешу тетіктерін қарастыру. Онлайн режимде өткен форумға еліміздің ірі университеттерінің өклідері қатысты. 

Форум барысында 2000-нан астам ЖОО, колледж және мектеп өкілдері, жастар және студенттік ұйыдардың мүшелері, сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың мамандары академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыру, білім беру саласында қоғамдық бақылауды енгізудің  маңыздылығына тоқталды. Бұл істер жемқорлықты алдын алудың  бір құралы болмақ. 

Ведомство басшысы Алик Шпекбаев «Қоғамдық бақылау картасы» жобасының маңыздылығын тілге тиек етті. Бұл жоба арқылы кез келген азамат құзырлы мемлекеттік органға мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы хабарласып, шағымдары мен өтініштерін білдіре алады. 

Форум аясында «Саналы ұрпақ» атты жобалық кеңсенің тұсауы кесілді. Бұл модельдің тәжірибесі еліміздің барлық өңірлеріндегі білім беру жүйесін өзгертуге сеп болады деп күтілуде.