С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «La vie Добро» еріктілер жасағының ашылу салтанаты өтті.

Жасақтың төрайымы болып гуманитарлық-педагогикалық факультетінің бірінші курс студенті Карина Закарина сайланды. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі таңда еріктілер ұйымының мүшелігіне 60 адам кірген.

«La vie Добро» отрядының қызметі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, ауыр дертке шалдыққан және ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар, ауыр жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетуге негізделмек. Ұйым мүшелері, сонымен қатар, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеу және төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетумен айналысады. 

Еріктілердің айтуынша, жасақтағы бірлескен жұмыс қоғамымымызды жақсылық жасауға, көмек көрсету мен адал болуға балайды.