С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Қоршаған ортаға зиян келтірмеу, энергияүнемдеу және энергиятиімділік мақсатындағы жаңартылған энергетиканы дамыту» тақырыбында семинар өтті. Шара Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Халыққа Жолдауын түсіндіря шеңберінде ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында ресурстық әлеуеттік арттыру, сонымен қатар, кәсіпорындардың энергиятиімділігі мен энергияүнемділігіне талаптарды күшейту қажеттілігі туралы айтты.
Осыған байланысты энергетика факультет ғалымдарының электр құрылғылар мен өнеркәсіптік құрал-жабдықтарды қолданысқа енгізу барысында жобалар мен зерттеу жұмыстарын өзектендіру мақсаты көзделуде.
Бүгінгі таңда энергетика факультетінде энергия жүйелерінің автоматикасы мен релелік қорғау жүйелерін жетілдіру бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұл іс электр құралдарының сенімділігін арттырады.
«Электроэнергетика» кафесдрасының профессоры, т.ғ.д М. Я. Клецель электр желілерін қорғау жүйелерін жасау жобасын жүзеге асырды. Ерекшелігі сол, жаңа жүйе герметикаланған байланыстарды қолдану қағидаттары бойынша жұмыс істеуінде. Жоба электр станциялары мен қосымша станциялардағы апаттарды алдын алатын, сонымен қатар, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы релелік қорғау құралдарын құрастыруды көздейді.
Сонымен қатар, профессор А. Н. Новожилов жаңа және перспективалы технологияларды, сонымен қатар, машина жабдықтарының әдістерін қолдану арқылы диагностика және қорғау схемаларын әзірледі. Факультет ғалымдары «таза» энергетикаға баса мән беруде. Мәселен, профессор А.С. Никифоровтың жобасы қатты органикалық қалдықтардан (сарғайған жапырақтар) тиімді брикетті отын жасауға бағытталған. Жаңашыл жоба қоршаған ортаның ластануын болдырмау, бастапқы энерияресурстарын тұтынуды азайту мен органикалық қалдықтарды қолдануды көздейді. Ғылыми жұмыс шеңберінде Екібастұз көмірінен кем түспейтін брикеттерді жасау мәселесі қаралуда.