С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жұмыс сапарымен Кьюнгдонг университетінің (Оңтүстік Корея) өкілдері келді.

Сапардың басты мақсаты - халықаралық ынтымақтастықты дамыту және білім беру саласына инвестиция салу.

Сапар аясында Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Гаухар Ахметова мен Кьюнгдонг университетінің өкілдері тхэквондо бағыты бойынша бакалаврларды даярлау туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісім екі жақты диплом алу мүмкіндігін қарастырады.

Ректор атап өткендей, Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындарымен осындай ынтымақтастық алғаш рет өткізілді. Бұл біздің университет үшін ғана емес, аймақ үшін де тарихи оқиға.

Жұмыс кездесуінде таэквондодан құрама команданың бас жаттықтырушысы Лим Йонг Сонг және таэквондодан келген профессор На Ча Мэн  Стартап академиясында болды. Онда тамақ, құрылыс, энергетика және машина жасау салаларындағы жетістіктермен танысты. 

Мұражай кешенінде ұсынылған артефактілер қонақтарға үлкен қызығушылық туғызды. Бұдан басқа, ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінің делегациясы Кьюнгдонг университетіне шақырылды.