С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде "Таза сессия" атты сыбайлас жеморлыққа қарсы акция басталды. Мақсаты - оқу орнында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, әртүрлі заң бұзушылықтың алдын алу және студенттердің құқықтық сауаттылығын көтеру.

Студенттермен және кеңесшілермен түрлі кездесулер өткізілген. Сондай-ақ, осы мәселе бойынша жеке кабинетте сауалнама ұйымдастырылды.

Студенттер өз пікірлерін және ұсыныстарын «Шағымдар мен ұсыныстардың қораптарында» қалдыра алады. Сонымен қатар, университеттің барлық ғимараттарында орналасқан телефон желісі мен сенім телефонына хабарласыңызға немесе anticorruption.psu.kz сайтына өтініш жазуға болады. Сондай-ақ, WhatsApp қосымшасына хабарлама жіберу мүмкіндігі бар.

Университет басшылығы студенттер мен магистранттарды университеттегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, «Таза сессияға» мониторинг жүргізуге және сапалы білім алу құқығын қорғауға белсене қатысуға шақырады.