С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Кино как исторический источник» киноклубының кезекті отырысы өтті.

Бұл жолы 80-жылдардағы кино тарихына енген режиссер Валерия Огородниковтың «Взломщик» (1987 ж.) туындысын тамашалады. Киноның басты рөлін Ленинград рок-клубының белді өкілі, «Алиса» тобының көшбасшысы Константин Кинчев сомдады. 

 «Взломщик» фильмі кеңестік кезеңдегі қайта құру оқиғасын еске салады, сол уақыттың әлеуметтік, адамгершілік ахуалын жеткізеді. Сол замандағы адамдар тартқан қиындықты, қоғамды жайлаған жалпы дағдарысты бейнелейді. 

Фильм магистранттар мен студенттерге ұнады. Олар кинокартинаны 1980 жылдардағы рок мәдениеті мен бейресми қозғалысы туралы түсірілген алғашқы деректі фильм ретінде қабылдады. Екінші - қайта құру жылдарындағы отбасылық мәселеге көбірек назар аударылған. Үшінші  - шығармашылық адамға тән эгоизмнің негізгі мағынасы көрініс табады.

Киноклубтың жетекшісі, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Аслан Әзербаев киноклуб алдағы уақытта тарихи және көркем фильмдер арқылы тарихи шындықты зерттеуді қарастыратынын атап өтті.