Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, ф.ғ.к. Гаухар Ахметова Челябинск қаласында Ресей мен Қазақстан университеттері ректорларының бірінші форумына қатысты.

 Іс-шара Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының XIV аймақаралық ынтымақтастығы форумы аясында екі ел басшылары Н.Назарбаев және В.В. Путиннің қатысуымен өтті. 

Форум аясында адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазіргі заманғы университеттердің инновациялық қызметін дамыту және Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының стратегиялық серіктестігі талқыланды.

Сарапшылар инновация саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың жаңа технологиялары мен перспективаларын талқылап, екі елдің ғылымын дамыту жолында күш біріктіруге және халықаралық ынтымақтастықтың жаңа құралдарын құруға мүмкіндік берді.

Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Гаухар Ахметова өз кезегінде Ресей жоғары оқу орындарымен бірлескен студенттердің стартап-жобаларын ұсынды.

Бұдан кейін ғалымдар мен студенттер бірлескен бизнес-жобаларды жүзеге асырады және әлемдік бәсекеге қабілеті жоғары технологиялық әзірлемелерді құру бағытында жұмыс істейтін болады.

«Мұны академиялық мобильділік немесе студенттік тәжірибе негізінде жүзеге асыруға болады» - дейді Гаухар Ғалымқызы.

Оның пікірінше, мұндай жобалар қатысушы өңірлердің экономикасына оң әсерін тигізеді, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашып, жоғары оқу орындарының беделін арттырады.

Келіссөздер нәтижесінде С.Торайғыров атындағы ПМУ және Оңтүстік-Урал мемлекеттік университеті, Урал мемлекеттік аграрлық университеті және Г.И. Носова атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университеті арасында ғылыми және білім беру инновациялық ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. 

Қазақстан мен Ресей оқу орын ректорларының кездесуінің басты нәтижесі – ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын және еуразиялық ғылыми инновациялық ортаны қалыптастыру сияқты маңызды процессте күш біріктіру болып табылады.