Павлодар мемлекеттік университетінде облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм бақармасымен бірлесіп ұйымдастырған экскурсия жүргізушілерге арналған оқу семинары аяқталды.

Жүргізуші сарапшы үш бағытты жұмысқа тоқталды. Олар – экскурсия жүргізу мәселесі, қонақ үй бизнесі және Павлодар өңірінің туристік әлеуеті.

Шақырылған қонақтар арасында Туризм федерациясының вице-президенті, Павлодар облысының альпинизм және өрмелеу федерациясының президенті Марина Каримова, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Орденбек Мазаев, Археологиялық зерттеулер орталығының директоры, т.ғ.к. Виктор Мерц, Павлодар географиясы үйінің директоры Александр Вервекин және С.Торайғыров атындағы ПМУ География және туризм кафедрасының мамандары бар. 

Сонымен қатар тыңдаушылар үшін университеттің археологиялық және этнографиялық мұражайына, Павлодар география үйіне, Д. Багаев үйінің мұражайына және «Ертіс» қонақ үй кешеніне экскурсия ұйымдастырылды.

Семинар-тренинг соңында қорытынды емтихан ретінде қатысушылар Павлодар қаласындағы экскурсия барысында алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Сонымен қатар, 50-ден астам маманға және музей қызметкерлеріне сертификат берілді.