Бүгін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеттің ректоры Гауһар Ахметова мен SES-тің (Германия) аға сарапшысы Dr.-Ing. Gisela Elisabeth Barthold кездесті.

ПМУ ИИД МБ-2 іске асыру аясында Dr.-Ing. Gisela Elisabeth Barthold мырзамен үнемі бірге жұмыс істейді. Осы жолы аға сарапшы Павлодар қаласында 2017 жылғы 17-ші қыркүйектен 6-шы қазанға дейін болады. 

Профессорлық-оқытушылар құрамы пен металлургия, машина жасау және транспорт факультеттерінің магистрантарына арналған «Болат қорыту мен жіксіз құбырларды шығару бойынша зерттеулерді дамыту» тақырыбындағы семинар өткізеді. Мақсаты, болаттың металлографикалық және механикалық  сынағын, жіксіз құбырлар мен болаттың сапасын арттыру бойынша инновациялық технологияларды енгізу мен өндірудегі неміс металлургиялық компаниялардың тәжірибесін зерделеу.

ИИД МБ-2 бойынша білім алып жатқан магистранттар үшін  Dr.-Ing. Gisela Elisabeth Barthold  «Материалдардың механикалық сынақтары» және «Қара және түрлі түсті металлургияның шикізат ресурстарын қайта өңдеудің инновациялқ технологиялары» дисциплиналары бойынша дәріс береді. 

Көптілді білім беру тұжырымдамасына сәйкес сабақтар ағылшын және неміс тілдерінде жүргізіледі. 

SES аға сарапшысының Павлодардағы «Кастинг» ЖШС ПФ, «KSP Steel» ЖШС сынды кәсіпорындарға тәжірибе алмасу мақсатында баруы жоспарланған. 

Академиялық жұмыс бойынша ректор, т.ғ.к. қауымдастырылған профессор Петр Быковтың айтуынша, Германия металлургиясындағы жетекші сарапшылармен серіктесе отырып, С. Торайғыров атындағы ПМУ-да жіксіз құбырлар мен болатты шығару саласында жүргізілген ғылыми зерттемеулер жүргізіледі. Сондай-ақ, германиялық әріптестердің ғылыми-инновациялық жұмыстарының қорытындыларымен салыстыру мүмкіндігін береді.