С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабата жұмыс сапарымен келді.

Итиро Кавабата мырза өз сөзінде Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың басты бағыттарына тоқталды. 

– Елші Жапония мен Қазақстан арасындағы экономикалық қарым-қатынас бірін-бірін өзара толықтырып тұрады. Қазақстан табиғи қорларға бай, ал Жапония өндірісті дамытуға, инфрақұрылымды орнықтыруға сеп болатын әрі Қазақстанның талабына жауап бере алатын алдыңғы қатарлы технологияларға бай. Біз экология, энергоүнемдеу, көлік және логистика, геология, тағы басқа да салалардағы экономикалық ынтымақтастықты өзара күш сала отырып дамытамыз, – деді елші. 

Мейманның келтірген мәліметіне сүйенсек: «Қазақстан аумағы бойынша әлемде 9-шы орында. Ол дегеніміз Жапониядан 7 есе артық. Ал Жапония халқы жағынан сіздерден 7 есе көп. Және де, Жапония халқы бойынша әлемде тоғызыншы орынға жайғасқан», – дейді И. Кавабата мырза.

И. Кавабатаның айтуынша, бүгінгі күні екі ел арасындағы ғылыми ынтымақтастық тарих, археология, медецина, атомдық энергетика сияқты салаларда дамып келеді.

А-ш.ғ.к., зоотехнология, генетика және селекция кафедрасының қауымд. профессоры Қайролла Ахажанов Семей ядролық полигонының қауіпсіз аумағындағы мал жемінің химиялық құрамы мен қоректілігі турасындағы монографиясын сыйға тартты. 

Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабата университеттің мұржай кешенімен, стартап академиясының жұмысымен танысты. 

С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің стартапшылары қонақтарға «Alau» жобасының аясында жасалған бұйымдарын сыйлады. 

Кеш соңында С. Торайғыров атындағы ПМУ ректорының м.а., ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры, б.ғ.д., профессор Нұрлан Ержанов білім және ғылым саласындағы екі жақтық серіктестіктіктің бағыттарын нығайтуға қадамдар жасалатынына сенім білдірді. 

И. Кавабата мырза дәріс соңында студенттер мен оқытушылардың сауалдарына жауап берді, ПМУ-нің ғылыми кітапханасына Жапония тарихы, мәдениеті және саясаты туралы бірқатар кітаптар тарту етті.