С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жыл сайынғы дәстүрлі түлектердің жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке – студенттер, түлектер және жас мамандардың жұмысқа орналасуы бойынша университеттегі ең ауқымды шаралардың бірі.
Жоғары курс студенттері мен түлектер бос орындар ұсынысымен танысып, жұмыс беруші мекеменің таныстырлымдарына қанық болды. Жас мамандар түйіндемелерін тастап, қосымша әңгімелесуден өтті. Басты мақсат – жастардың еңбек нарығын дамыту стратегиясын жасау, түлектердің жұмысқа орналасу мәселелерін шешуде бірлесе әрекет ету.
Осымен он бесінші мәрте өткен жәрмеңкеде өндірістік кәсіпорындар, шағын және орта бизнес өкілдері, облыстық ұйымдар, банктер, құқық қорғау органдары және т.б. қатысып, жас мамандарға өз мекемелеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынды.
87 кәсіпорын мен ұйымнан келіп түскен өтініштер негізінде 250 қызметтен тұратын бос орындар базасы құрылды. Түлектер бос жұмыс орындар жайлы мәліметтерден хабардар болып, ақпарат университеттің оқу порталына енгізіледі.
С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің кәсіптік практика және жұмысқа орналастыру бөлімінің бастығы Зинаида Жанпеисованың мәлімдеуінше, жәрмеңкенің форматы, өткізу дәрежесі әрдайым жетілдіріліп отырады, жұмыс берушілердің де, жұмыс іздеушілердің де саны өсіп келеді. Зинаида Масағұтқызының айтуынша, бұл жолғы қатысушылардың санының артуы және олардың жоғары деңгейі ПМУ-нің стратегиялық мақсаты – Павлодар облысындағы, тіпті, халықаралық ортадағы жұмыс орны үшін көпсалалы құрылым бойынша кадрлар дайындаудың көшбасшы орталғыны айналуға жақын қалғанынына айғақ болады. Сөз соңында Зинаида Масағұтқызы барлық студенттерге өздері қалаған жұмысты табуына ниеттес екенін жеткізді.