Бірнеше күндерден кейін тойланатын Жаңа жыл мерекесі батыс елдерінде аталып өтетін Рождествомен дөп келді. С. Торайғыров атындағы ПМУ көп тілді білім беру орталығының білім алушылары Рождестволық аптаның зімбірлік кеші – Ginger Party at Christmas time мерекесін тойлады.

Мерекенің дәстүрлі асы – береке мен құттың символы «Жаңаорлеандық палау» атауымен көпке белгілі Джамбалайя мен зімбір піспенаны дастарханның ажарын аша түсті.  

Мейрамды тойлау барысында студенттер ағылшын тілі арқылы еуропалық елдердің рождестволық дәстүрлерін таныды. Ағылшын тілінде әндер шырқалды, өлеңдер оқылып, әзілдер айтылды, мерекелік дастархандағы әңгіме де ағылшынша өрбіді. 

Айтулы шараға Павлодар мемлекеттік университетінде көп жылдар бойы ағылшын тілін оқытып жүрген ұстаз Александра Линнас ұйытқы болды. «Бұл жаһандағы барша адамдар үшін  ерекше жарқын әрі адамзатты мейірімділікке шақыратын мереке. Мейрамды кіші де, үлкен де асыға күтеді. Бұл – сыйлықтар ғана емес, отбасымен бірге дастархан басындағы кеш, бір-бірімен сағынысқан жандардың әңгімелесулері, жанұялық дәстүрлер, үйлесімділік пен бейбітшілік», – деп мереке туралы ойымен бөлісті кештің  ұйымдастырушысы.