Еліміздің Тәуелсіздігі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен техника ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, білім беру ісінің құрметті қызметкері, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті көліктік техника және логистика кафедрасының профессоры Абылхан Қарақаев мемлекеттік марапатқа ие болды.

«Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi» құрметті атағы  Абылхан Қарақаевқа  ғылым саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, ерен еңбегі және табысты жұмыстары үшін берілді. 

«Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi» құрметті атағы елімізге сіңірген зор еңбегі үшін мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, мәдениет пен өнер адамдарына, өндіріс пен әлеуметтік саланың дарынды ұйымдастырушыларына беріледі. Айтулы марапат – Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үздік жетістіктердің танылуының белгісі.