С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушылары облыстық «Импакт факторы бар журналдарда ғылыми мақалалар жариялау бойынша үздік жас ғалым» байқауында жеңімпаз атанды.

Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Педагогикалық шеберліктің шыңы және патриоттық істерге 25 қадам» атты шарасы аясында өтті. 

Доданың мақсаты – ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан Павлодар өңірінің 35 жасқа дейінгі жас дарынды ғалымдарын, магистранттарын, докторанттары мен жас оқытушыларын ынталандыру. 

Ғылыми сайысқа барлығы 16 жұмыс қатысты, оның 11-і С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің жас ғалымдарының жобалары болды.  

Қазылар алқасының шешімімен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Биотехнология ғылыми-тәжірибелік орталығының кіші ғылыми қызметкері Төлеген Көпжасаров жеңімпаз атанды. Жеңімпазға І дәрежелі диплом және ақшалай сыйлық табыс етілді.

Ал ІІІ дәрежелі дипломмен С. Торайғыров атындағы ПМУ-інің география және туризм кафедрасының аға оқытушысы Алтынбек Жакупов марапатталды. 

Байқаудың әділқазылар мүшесі облыста, тіпті, Қазақстанда  алғаш өтіп жатқан мұндай шаралардың жас ғалымдар үшін маңызы зор екенін атап өтті.