Тұңғыш рет Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ павлодарлық жоғары оқу орындарының журналист-студенттері үшін пресс-тур ұйымдастырды. Олардың қатарында С. Торайғыров атындағы ПМУ-інің болашақ журналистері бар.
Іс-шара ЕЭК-ның 20 жылдығына орай жүзеге асты. Пресс-тур кәсіпорнның екі бөлімшесінде – Ақсу электр станциясында және Екібастұздың «Шығыс» көмір кенішінде өтті.
Пресс-турдың бірінші күні студенттер республиканың 17 пайыз электр қуатын өндіретін ЕЭК энергетикалық бөлімшесімен танысты. Қонақтарға Ақсу электр станциясының жұмысымен өнеркәсіптің пайдалану ісі жөніндегі бас инженерінің орынбасары Неғман Женаев таныстырды. Студенттер мұражайда станцияның тарихынан хабардар болып, ескі және жаңа орталық басқару қалқанын әрі басқарудың блоктық қалқандарын салыстырды, жедел қызметкерлер құрамымен сұхбаттасты. Сондай-ақ, студенттер №5 энергоблоктың қайта құыру жасалып жатқан алаңында, күрделі жөндеу жұмыстарынан кейінгі №8 блокта, қайта жөндеу жұмыстары жүргізілмеген №7 блокта болды.
Жас мамандардың былтыр 30 жылдығын тойлаған «Шығыс» кенішіндегі саяхаты бөлімнің мұражайынан бастау алды. Ары қарай саяхат бақылау алаңы мен диспетчерлік басқару бекетін аралаумен жалғасын тапты. Айтпақшы, бүгінгі күні «Шығыс» кеншілері республика көмірінің 20 пайызын – 20 млн тонна шамасында көмір шығарады.
Танысу саяхатынан кейін студенттер алдын ала белгіленген тақырыптар бойынша ЕЭК қызметкерлерінен сұхбат алды.
Олардың кейбіреулері ЕЭК компаниясының 20 жылдық жетістіктері туралы қатардағы жұмысшыдан сұрап-білді, енді бірі ІТ-технологиялар мен HR-саясаты, мемлекеттік тілді оқыту сынды тақырыптар бойынша ақпарат жинады, ал тағылары Ақсу, Екібастұз қалаларының әлеуметтік өміріндегі ЕЭК рөліне қызығушылық танытты. С.Торайғыров атындағы ПМУ-інің студенті Валерия Джембетова электр станцияның Жастар кеңесінің төрағасы Батырбек Әбеновпен кәсіпорындағы жастар саясаты, Кеңес шаралары туралы әңгімелесті.
– Еуроазиаттық энергетикалық корпорацисы – ұзақ жылдар бойы ПМУ-імен дуалдық оқыту жүйесі бойынша жылу энергетиктерді даярлау саласында серіктес. Жоғары оқу орнында студенттер PR теориясын меңгереді, ал практикалық тәжірибенің көзі өте аз. Сондықтан, студенттерге өндірісті көрсетіп, осы салада жиналған тәжірибемен бөлісуді жөн көрдік, – деп хабарлады «ЕЭК» АҚ» баспасөз хатшысы Елена Гаркава.