Жуырда С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қабырғасында Павлодардағы алғашқы географиялық диктанты өтті.
Шара Павлодар облысының жастар саясаты басқармасының қолдауымен Павлодар География үйі және С. Торайғыров атындағы ПМУ-інің география және туризм кафедрасының мұрындық болуымен жүзеге асты.
Диктантқа мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, жас жұмысшылар, сондай-ақ, оқытушылар мен жазуды сүйетін және географияға қызығушылығы бар павлодарлықтар қатысты.
Географиялық білімін тексеруге 161 адам ниет білдірді. Оның 159-ы дәрісханаларда диктант тапсырмаларын орындады. Бұл күні, тіпті, қақақаған аязға қарамастан, Заря ауылынан жеткен екі қатысушы диктантта өз білімдерін сынады.
Диктант жазушыларының қатарында тапсырмасын дәрісханадан тыс орындаған Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Иванович Григораш та болды.
В.И. Григораш – диктанттың ең жасы үлкен қатысушысы. Ол 90 жаста. Ал ПавГео-ның «Джурбай» жас өлкетанушылар клубының мүшесі жеті жасар Елисей Реснянский ең жас білімпаз атанды.
С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры Нұрлан Ержанов шарның ашылу салтанатында осы сынды кездесулер қатысушылардың ой өрісін кеңейтуіне ықпал етіп қана қоймай, жас буынның география ғылымына деген қызығушылығын арттыра түсетінін атап өтті.
География және туризм кафедрасының меңгерушісі Динара Есімованың айтуынша, географиялық білім тек мамандарға және осы мамандықтың диплом иегерлеріне ғана емес, әркімге де артықтық етпейді.
Қатысушылар үшін қазақ және орыс тілідеріндегі үш нұсқалы сауал парағы дайындалды. Әрқайсысында 50 сұрақтан болды. Айтулы тапсырманың ең жоғары баллы – 53. 24 қатысушы жұмыстарын «беске» орындады. Ал, ең жоғары деңгейді яғни, 51 балды Айбала Аюпова еңсерді. 40-47 балды жинаған 70 қатысушы «жақсы» деген бағаға лайық деп танылды.
Географиялық диктанттың үздіктеріне естелік сыйлықтар мен мадақтамалар, жақсы нәтиже көрсеткендерге алғыс хаттар, қалған қатысушыларға сертификаттар табысталады.