С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің концерттік залында студенттер қатарына қабылдау салтанаты өтті.

С. Торайғыров атындағы ПМУ-інің ректоры Арын Өрсариев бірінші курс студенттерін студенттік өмірдің басталуымен құттықтады.

Құрметті қонақтар қатарында Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Ж.К. Шаймардановтың басшылығымен университет делегациясы болды.

Бірнеше апта бойы ПМУ факультеттері арасында байқаулар өтіп, үздіктер іріктелді. Гала концертте ең үздіктер өнер көрсетті.

Ал бірінші курс студенттері өздерін толыққанды студент сезіну үшін ұйымдастырушылар қызықты да ерекше бағдарлама дайындап, кешті Голливуд тақырыбында өткізді. Павлодар мемлекеттік университетінің атаулы шәкіртақы иегерлері, үздік спортшылар және белсенді студенттер фото камералардың жарқылымен қызыл кілеммен жүріп өтті. Бағдарлама шеңберінде алуан түрлі байқаулар өтті, мереке би кешімен жалғасын тапты. Ал кеш соңында бірінші курс студенттері құрметіне отшашу шашылды.