Жуырда С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне жұмыс сапарымен Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ делегациясы келді.

Делегация құрамында университет ректоры Ж. Шаймарданов, проректорлық корпус және оқу орнының құрылымдық бөлім жетекшілері болды.

Жұмыс сапарының мақсаты – Павлодар мемлекеттік университетінің тыныс-тіршілігімен танысып, өзара білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты талқылау.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ делегациясы С. Торайғыров атындағы ПМУ-інің археологиялық музейі мен зертханаларымен танысты. Сонымен қатар, қонақтар университеттің стартап-академиясының жұмысына да қанық болды.

Кездесу барысында екі жоғары оқу орны білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім негізінде университеттер бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасау, магистранттар мен докторанттардың тағылымдамадан және университет базасында кәсіби тәжірибеден өту, халықаралық білім және ғылыми бағдарламаларына қатысу көзделуде.