С. Торайғыров аындағы Павлодар мемлекеттік университетіне жұмыс сапарымен Қазақстандағы АҚШ елшілігінің саяси мәселелері жөніндегі қызметкері Вера Партем келді.

Кездесу барысында Вера Партем университеттің тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, қонақ стартап академия жұмысына, әрі академия белсенділерінің бизнес жобалары мен олардың жүзеге асқан кәсіптеріне қызығушылық танытты.

Студенттердің креативті жұмыстары мен еңбекқорлығына таңданып та қызығып та тұрмын. Жас кәсіпкерлердің бір командалық рухта жұмыс жасайтындығы және басшылықтың жастармен өзара бірлесе еңбек етіп жатқанына куә болдым. Міне, дәл осындай белсенді жастар АҚШ елшілігінің бағдарламаларына қатыса алады», – деді Вера Партем.

Вера Партемның айтуынша, жуық арада Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Джордж А. Крол алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында Павлодарға келуі көзделіп отыр.