С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде әлеуметтік және гуманитарлық бағыттағы журналдарға зерттеу жобаларды және ғылыми мақалаларды жариялауды дамыту бойынша екі күндік семинар өтті.

Шараның спикерлері ретінде Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессорлары Али Аит Си Мхамед и Дуйшон Шаматов қатысты.

Айтулы жоба Назарбаев Университетінің алдыңғы қатарлы инновациялық тәжірибесін академиялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына, сондай-ақ, қазақстандық жоғары оқу мекемелеріндегі корпоративті саясатына енгізуге бағытталып отыр.

«Назарбаев Университеті – зерттеу және инновациялардың әлемдік сапасының ерекше үлгісі. Бұл оқу орда – отандық жоғары білім беру жүйесінің көшбасшысы, кадрлар мен заманауи білімнің бастамашысы. Сол себепті, мұндай тәжірибе университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы арасында ғылыми пікір таластарды туғызып, білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыруға өз септігін тигізеді», – дейді С. Торайғыров атындағы ПМУ біліктілікті арттыру секторының меңгерушісі Құралай Шарипова.

Еске сала кетейік, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен «Назарбаев Университеті» автономды білім беру мекемесі 2014 жылы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған болатын.