С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жылдағы дәстүрден жаңылмай 20 маусым күні еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнының студенті атанғысы келген талапкерлердің құжаттарын қабылдауды бастады.

Бұл күні сағат 9.00-де С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті білім мен ғылымға талпынған жастарға есігін айқара ашты. 

Оқу орданың факультеттері жоғары білім алу мақсатында Павлодар мемлекеттік университетін таңдаған жастарды бірінші курс студенті қатарына қабылдауды бастап та кетті.

Б. Момышұлы атындағы № 22 жалпы орта білім беру мектебінің түлегі Наргиз Саду алғашқылардың бірі болып болашақта кәсіп ететін мамандығын таңдады. Бойжеткен өзінің қабілет-қарымын құқық саласында сынауды жөн көріпті. 

– Сапалы білім алып, ғылыми жетістіктерге қол жеткізіп, және де бәсекеге қабілетті маман болуды мұрат еткен жастарды асыға күтеміз, – деді қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Динара Шабанова. 

Динара Шабанованың айтуынша, биылғы жылы ҰБТ тапсыра алмаған талапкерлердің тамыз айында қайта тест тапсыруына мүмкіндіктері бар. 

Сіздерді С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде күтеміз!