С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне жұмыс сапармен Батыс Колорадо университетінің өкілі, қоршаған ортаның тұрақты даму кафедрасының доценті доктор Абель Чавес келді.

Павлодарға осымен екінші рет келген Доктор Чавез университеттер арасындағы серіктестікті  нығайтуды көздейді. Бұл күндері профессор сәулет-құрылыс факультетінің магистранттары мен профессорлық-оқытушылар құрамына қоршаған орта, экология және тұрақты даму тақырыбында дәріс оқуда. 

Абель Чавездің айтуынша, ол бетонды қоспаларды жасау өндірісінде цементті қолдануды мейілінше азайтуды және цементті ішінара баламалы құрамға алмастыруға бағытталған технологияларды зерттеумен айналысады. 

Сондай-ақ, Чавез мырза цементтің қоршаған ортаға, экосфераға әсері және құрамында цементі бар құрылымдардың адамға әсері турасында белсенді түрде зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.